TauKen Group капитал нарығына шығу амбицияларын білдіре отырып, Moody's рейтингтерін алу процесін бастайды

Алматы, Қазақстан — 2025 жылғы 20 қазан — Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібі саласындағы жетекші жеке компаниялардың бірі болып табылатын TauKen Group Moody's Investors Service агенттігімен оған капитал нарықтарында рейтинг беру шарттарын ресми келісті. Бұл қадам компанияны жаһандық қаржылық мүмкіндіктерге ұмтылатын Орталық Азиядағы сирек кездесетін жеке кәсіпорындар тобымен бір қатарға қояды.

Келісім «Өз клиентіңді біл» (KYC) хаттамаларын енгізуді, кең дерекқорды бейімдеуді және беруді қоса алғанда, көп сатылы кешенді тексеру рәсімінің басталуын білдіреді. 2022, 2023, 2024 жылдардағы және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Ernst & Young шоғырландырылған аудиттелген қаржылық есептілігі алынды, бұл Moody's аналитиктерінің бағалауды бастауы үшін негіз болады.

«Ірі әлемдік агенттікте рейтинг беру процесін бастау кез келген компания үшін үлкен кезең болып табылады», — деп мәлімдеді Орталық Азия бойынша Moody's Ratings вице-президенті Алма Қарабасова TauKen Group Басқармасымен бірнеше сағаттық кездесуден кейін. «Бұл компанияның таңдалған бағытына деген сенімнің және ашықтық қағидаттарына бейілділігінің белгісі болып табылады. Мұндай қадам – стратегиялық қана емес, сонымен бірге қымбат тұратын және күрделі процесс».

TauKen Group компаниясының рейтинг алу туралы шешімі оның халықаралық капитал нарығына шығуға деген үлкен амбициясын көрсетеді. Компания тау-кен қызметтерін көрсетуге арналған келісімшарттар бойынша 2 млрд АҚШ долларынан астам сомаға қаржыландыруға дайындалуда, бұл қазіргі уақытта Қазақстанның табиғи ресурстарға бай өңірлерінде қаралуда, оның ішінде жобалау мен құрылыс сатысында тұр. Корпоративтік облигациялар шығарылымы 2027 жылға, aл Қазақстан қор биржасында (KASE), Лондон қор биржасында (LSE) және Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) акцияларды (IPO) бастапқы жария орналастыру 2030 жылға жоспарланған.

2001 жылы құрылған TauKen Group компаниясы азаматтық құрылыста тау-кен өндіру, жару және жер қазу жұмыстары көлемі бойынша Қазақстанда тау-кен өндіру қызметтерінің үшінші жеткізушісі болды. Компания клиенттері арасында ұлттық компаниялар мен стратегиялық инфрақұрылымдық жобалар бар, ал оның қызметі бүкіл елді қамтиды. Компанияның капитал нарығындағы даму жоспарын оның жаңа мажоритарлық акционері - Алматыда корпоративтік орталығы және Лондон мен Дубайда өкілдіктері бар жеке инвестициялық компания Gliese Capital қолдайды. Gliese Capital дамушы нарықтардағы стратегиялық инвестицияларға маманданған және TauKen Group басқару жүйесін трансформациялауда және қаржылық құрылымдауда шешуші рөл атқарды.

«Инвестициялық тартымдылық нормативтік-құқықтық сәйкестіктен басталады», — деді TauKen Group бас атқарушы директорының орынбасары Нұржан Дәулетбаев. «Біз аудиттің адалдығын, қаржылық ашықтықты және институционалдық деңгейдегі есептілікті қамтамасыз етуге қомақты қаражат салдық. Moody's агенттігімен өзара іс-қимыл – біздің эволюциямыздағы келесі қисынды қадам».

Рейтинг беру процесі бірнеше айға созылады деп күтілуде. Moody's салалық салыстырмалы талдау, тәуекелдерді талдау және қаржылық модельдеу жүргізеді. Бұл ойдағыдай жүзеге асырылған жағдайда TauKen Group синдикатталған кредиттерге, құрылымдық қаржыландыруға және халықаралық инвестицияларға қатысуға жол ашатын құжат – ресми кредиттік рейтингі бар Орталық Азиядағы санаулы жеке компаниялардың бірі болады.

Қазақстан өзінің өнеркәсіптік базасын жаңғыртуды және шетелдік капиталды тартуды жалғастырғандықтан, TauKen Group әрекеттері аймақтағы жеке сектордың жетілу көрсеткіші ретінде қарастырылуы мүмкін.

Сайт: www.taukengroup.com
БАҚ үшін байланыс деректері: media@taukengroup.com

TauKen Group капитал нарығына шығу амбицияларын білдіре отырып, Moody's рейтингтерін алу процесін бастайды - Image 1 TauKen Group капитал нарығына шығу амбицияларын білдіре отырып, Moody's рейтингтерін алу процесін бастайды - Image 2 TauKen Group капитал нарығына шығу амбицияларын білдіре отырып, Moody's рейтингтерін алу процесін бастайды - Image 3
Біздің серіктестеріміз
TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner TauKen Group Partner